31-07-24 |
14360 рет қаралған
Ұлытауда қаржы пирамидасын жарнамалағандар ұсталды.
Ұлытауда қаржы пирамидасын жарнамалағандар ұсталды

Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді. 

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған. 

«Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды», – делінген хабарламада. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.