Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтағанын мәлімдеді.
Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталған.
«Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі – КММ) есепшілерімен сөзбайласу арқылы КММ-ніңқызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген. 05.07.2024ж. облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуфактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024