Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.
2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі – Әскери бөлім) 4 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024