27-08-24 |
8550 рет қаралған
Павлодарда мемлекеттік мүлікті заңсыз сатпақ болған.
Павлодарда мемлекеттік мүлікті заңсыз сатпақ болған

Павлодар облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан ЖЖМ сақтауға арналған 5 орын мен ауданы 0,5 га жер учаскесі бар 2 қабатты мүліктік кешенді 8,3 млн теңгеге аукционда сатты.

Бұл ретте прокурорлық тексеру барысында тағайындалған сараптама кешеннің нақты құны сатылған бағасынан ондаған есе артық екенін анықтады.

Сот прокурордың талап арызы бойынша сауда-саттық және одан кейінгі сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды.

Қазіргі уақытта меншік иесінің құқықтарын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.