25-09-24 |
3110 рет қаралған
Алматыда әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды.
Алматыда әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

Сот үкімімен Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуі қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сабыржан Зарипов 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ ол 20 миллион теңге моральдық шығынды өтеп, ұрлап алған 4,7 миллион теңгені қайтаруы қажет.

Еске салайық, 31 қаңтарда 43 жастағы Әл-Бейне Зарипованың мәйіті үйдің жертөлесінен табылды. Іс-материалдары бойынша, Сабыржан Зарипов оған 10 рет пышақ жарақатын салып өлтіріп, артынша телефонынан өз шотына 4 миллион 700 мың теңгені аударып алған. Содан соң барлық құжатты алып, 12 жасар қызын өз әпкесінің үйіне апарып тастаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.