30-09-24 |
450 рет қаралған
Опера және балет театры 126 адамға сыйлық берді.
Опера және балет театры 126 адамға сыйлық берді

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы маусымашарында өмірін киелі сахнаға, шығармашылыққа, театрға қызмет етуге арнаған 126 адал жанға арнайы төсбелгі мен сыйлық табыстады.
Марапатталған ардагерлер он жылдан астам уақыт бойы қара шаңырақта үздіксіз еңбек еткен мамандар. Олардың қатарында тек сахна әртістері ғана емес, костюм цехы, грим маманы, жарық қоюшы сияқты театрдың барлық бөлімінің бұрынғы қызметкерлері бар.

Абай атындағы театр «Ғасыр алдындағы жаңа белеске» аяқ басты. Әне-міне дегенше, алдағы 10 жылда қара шаңырағымыз жүз жасайды. Осымен 90 жылға нүкте қойылатын тарихи күнде ардагерлердің басын қосып, еңбегіне рақмет айтып лайықты құрмет көрсету, бүгінгі өскелең ұрпақтың, өнер ұжымының бірден-бір парызы деп есептеймін. Неге десеңіз, адам еңбегі бірінші кезекте ұйым тарапынан, одан ары қарай қоғам, мемлекет тарапынан бағаланып тұрғаны маңызды. Бұл әсіресе өнер адамына шабыттану үшін аса қажет, сондықтан Абай атындағы театрда жаңа үрдіс – өз қызметкерлерінің еңбегін жылда атап өтетін әдемі дәстүр жол тартты, – деді Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Көпбасарова.

Театр ардагерлерін марапаттау салтанатында Раушан Хатиятқызы анасының аса бағалы портреті мен кезінде Күләш Байсейітованың спектакльдерде киген бірнеше бас киімін өнер ордасының мұражайына сыйлаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.