10-10-24 |
1990 рет қаралған
Мемлекет қаржысын жымқырған бухгалтер сотталды.
Мемлекет қаржысын жымқырған  бухгалтер сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп-шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

«Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген. Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.