21-01-19 |
4880 рет қаралған
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген күдіктілер ұсталды.
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген күдіктілер ұсталды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев арнайы мәлімдеме жасап, қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

– Бүгін, 21-қаңтарда ІІМ криминалдық полициясы департаменті өткізген арнайы операция нәтижесінде Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде 13 қаңтар күні Қарағанды облысы, Нұра ауданында өзінің соңғы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған «Охотзоопром» инспекторы Нұрғалиев Ерланның өліміне кінәлі үш күдікті ұсталды», деді А.Садубаев.

Қазір дәлелдер жиналып, тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Үш күдікті де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Бұл оқиға туралы өзге де материалдарды төмендегі сілтемелерге өтіп оқи аласыздар.

Екі министрліктің екі түрлі жауабы: Браконьерлер ұсталды ма, ұсталмады ма?

ІІМ қорықшыларға шабуылдаған күдіктілердің суретін жариялады

Қасымов: инспектор Ерлан Нұрғалиевке шабуыл жасағандар әлі ұсталған жоқ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.