60 мың шаруа қожалығының 15 мың мүшесі атынан, Егіс алқаптары одағының және 150 ірі шаруа қожалығы атынан Картоп және көкөніс өсірушілер одағының, қызылша өсірушілер қауымдастығының басшылары атынан Қазақстан фермерлері қауымдастығы Мемлекет басшысына хат жолдады. Онда Жамбыл облысы шаруаларының биылғы ауыр жылға қарамастан қол жеткізген табыстары туралы баяндалды.
Шаруалар Мемлекет басшысына Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын қолдау шаралары үшін алғыстарын білдірді.
Үндеуге Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық бірлестігінің басшысы мен саланың белді өкілдері – Еңбек Ерлері де қол қойған.
«Сіздің нұсқауыңызбен аграрлық салаға жеңілдігі бар несие бөлуді арттыру өз пайдасын тигізді. Қолайлы лизингтің арқасында ауыл шаруалары техниканы жаңартуға қол жеткізді. Осы жылдың өзінде ауыл шаруашылығына қажетті 20 мыңнан астам жаңа техника алынды. Сондай-ақ уақытылы несиелеу егін егу мен ору жұмыстарына қажетті ресурстарды жылдам алуға мүмкіндік берді», – делінген хатта.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024