Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері «БТА Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн. АҚШ долларын бопсалаған, деп хабарлады бас прокуратура ресми сайтында.
«2019 жылғы 19 қаңтарда Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Д.Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде ұстады.
Көрсетілген адамдар «БТА Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн. АҚШ долларын Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.
Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.
Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты Алматы қаласының Мамандандырылған тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – делінген дүйсенбіде таратқан ақпаратта.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024