Белгілі дінтанушы Мұхан Исахан өзінің facebook-тегі парақшасында Түркістандағы оқушылар арасында болған әлімжеттікке қатысты пікірін жазып, оны елдегі діни ағымдармен салыстыра сипаттаған. Төменде дінтанушының пікірін беріп отырмыз. Сондай-ақ, дінтанушы «Қазақстанда Түркиядан келген 7 жамағат, Пәкістаннан 3, Ауғаннан 1, Ираннан 1, Мысырдан 2, Саудтан 3, Қырғыздан 1, Йеменнен 1, Ливаннан 1 діни жамағат бар» деп олардың бәрі қауіпті екенін айтқан.
Мұхан Исахан, дінтанушы: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕКТАДАН АЙЫРМАСЫ
– Бүгінгі Түркістанда орын алған мектеп жасындағы балалардың төбелесіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Кейбір сектант журналистер де «бірдеңе» деп былжырап жатыр екен.
Түркістанның түлегі ретінде мәселеге қатысты айтарым, әсілі бүгінгі төбелес қордаланған түйткілдің бер жағы ғана. Қалада ескіден әр ауданның қауымдық (общаг) жүйесі қалыптасқан. Қауымдастықта үлкен жігітағасынан бастап өрімдей бозбалалар да бар (сендердің секталарында да солай). Қауымдастық санамен өмір сүретіндер топтық мүдде үшін жан беріп, жан алысады (сендердегі жамағаттық мүдде сияқты). Ішкі тәртіптері қатал (сендердегі итағат деген секілді). Греб жинайды (сендердегі қимет секілді). Қауымдастық мүшелері кейде озбырлық, күш көрсету, әлімжеттік және т.б. да қиянаттарды жасайды (секталарыңда дәл солай болмаса да сендер бүркеншік атпен біреудің үстінен жалған арыз жазып, екіжүзділікке барасыңдар, яғни үлкен айырмашылық жоқ). Қауымдастық мүшелері құзырлы орындар мен лауазым иесі болуға ұмтылуы мүмкін (сендердегі әкім орынбасары, ұлттық компанияның төрағасы секілді). Қауымдастықтың үлкендері көк өрім жастарды кішкентайынан қайтпас жігіт болуға тәрбиелейді (ал сендерде секта үшін тәслим болу керек деген түсінік бар)… Иә, қасиетті Түркістанның осындай жанды жабырқататын жәйттері бар. Дегенмен, Түркістандағы қауымдастық жүйесінде сендердегі конспирация (тедбир), яғни тақия жасау белгілері жоқ. Қауымдастық сендердегідей сырттан басқарылмайды, өз іштерінен положенис сайлайды. Және олардың отаны – Қазақстан! Ал сендерде отан ұғымы жоқ. Олар қажет болса ұлты мен отаны үшін жанын беруге даяр, ал сендер ұлт пен отанның сатқынысыңдар.
Сайып келгенде айтпақ болғаным, ұқсайтын жерлерің де және екі арада үлкен айырмашылық та бар (Мен осы жүйедегі проблемаларды тоқтату үшін уақытында араға имамдар мен ақсақалдарды салып, біраз тер төккен адаммын). Қайсысы қауыпті дегенге келер болсақ, әрине екеуі де жетісіп тұрған жоқ. Әйтседе қауымдастық қауіпті болса, секталар аса қауіпті, – деп жазады дінтанушы.
«
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024