08-11-24 |
4020 рет қаралған
Жылқы етінен доңыз майы шыққан.
Жылқы етінен доңыз майы шыққан

Петропавл қаласындағы дүкендерден алынған қазы-қартаның құрамын зерттеу барысында бірқатар өнімдерден құрамы талапқа сай келмейтін мәліметтер анықталды. Олардың кейбіреуінен халал өніміне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін шошқа ДНҚ-сы табылған.

«Жылқы етінен жасалған қазы-қарта ГОСТ стандарты бойынша тек жылқы еті, майы және дәмдеуіштерден тұруы керек. Шошқа ДНҚ-сының табылуы – өндіріс технологиясын бұзғаны мен өндірушінің адал емес әрекетінің дәлелі», – деді қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятан.

Лабораториялық зерттеу нәтижесінде шошқа ДНҚ-сы бар екенін анықтады. Халал мәртебесін алуға дейін өнім көптеген тексерістен өтеді және шошқа немесе оның туындылары мұсылмандарға тыйым салынғандықтан құрамы таза болуы керек. Сарапшылар бұл жағдайды өндірушілер тарапынан адалдықтың болмауы деп санайды.

Сондай-ақ, жылқы етінен жасалған басқа танымал консервінің құрамынан сиыр ДНҚ-сы табылған. Бұл жағдай да өндіріс процесінің бұзылғанын және өндірушілердің сенімсіздігін көрсетеді.

Сарапшылар тұтынушыларға ет консервілерін таңдаған кезде сенімді өндірушілердің өнімдерін сатып алуды ұсынады. Сондай-ақ, өнімнің ГОСТ стандартына сай жасалғанына және ЕАС (Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар айналымының бірыңғай белгісі) таңбасымен белгіленгеніне назар аударған жөн. Бұл таңба өнімнің сапа және қауіпсіздік талаптарына сай екенін көрсетеді. Қаптаманың бүтіндігін тексеру маңызды: майысқан немесе зақымданған қаптама сақтау талаптарының бұзылғанын және өнімнің бұзылуы мүмкін екенін білдіреді.

Сарапшылар тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда уәкілетті органға жүгіну қажеттігін еске салады. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде кеңес алу үшін арнайы жедел желі телефондары жұмыс істейді:

Жалпы сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-98-32, +7 (7172) 75-06-49;  

Маркетплейс мәселелері бойынша: +7 (7172) 74-98-36.

Сонымен қатар, тұрғылықты жер бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне де жүгінуге болады. ДТЗПП байланыс ақпараты ҚР СИМ сайтында орналастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.