18-11-24 |
720 рет қаралған
Бірінші курс студенттерінің құрметіне салтанатты кеш өтті.
Бірінші курс студенттерінің құрметіне салтанатты кеш өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау» салтанатты іс-шарасы өтті.

18 қараша күні сағат 17:00-де «Бақшасарай» мейрамханасында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу рәсімі фанфардан басталып, университеттің талантты хоры орындаған әлемдік студенттер гимні «Гаудеамус» кешке ерекше сән берді.

Ресми бөлімде университет ректоры Гүлнәр Әлібекқызы Сәрсенбекова сөз сөйлеп, студенттерді жаңа өмірлерімен құттықтап, оларға зор жетістіктер мен ғылыми шыңдарды бағындыруды тіледі. Сонымен қатар, университеттің үздік оқытушылары мен жоғары курс студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушыларға шабыт берді.

Шара барысында студенттерге университеттің дәстүрлері таныстырылып, арнайы құрметті қонақтардың құттықтаулары тыңдалды. Одан кейін шетелдік студенттер де өз әсерлерімен бөлісіп, алғыс білдірді.

Кештің көркемдік бағдарламасы «Кербез» би ансамблінің әсерлі қойылымымен және танымал орындаушы Әлібек Сансызбайдың «Лапылда» әнімен жалғасты. Қатысушылар университет өмірінің ұмытылмас сәттеріне куә болды.

Еліміздің беделді жұмыс орындары «MaxImagine», «Hyper technology» , «Эко-Сервис-С», «АЛМАТЫ НАН», «Line Brew Bottlers», «SEA STAR tourism» және т.б. кәсіпорындары тағайындаған арнайы шәкіртақылар мен 150 000 теңгеден 800 000 теңгеге дейінгі жалақы төлейтін жұмыс берушілердің жұмысқа орналастыруға шақырған сертификаттары МИТУ-дың үздік студенттеріне табыс етілді.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті білім, шығармашылық және достық ордасы ретінде студенттердің болашағын жарқын етуді мақсат етіп отыр. Жаңа буын білімгерлерімізді үлкен отбасы қатарына қабылдай отырып, оларға тек табыс пен шығармашылық жеңістер тілейміз!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.