27-11-24 |
300 рет қаралған
Ресей ЖЭО салып береді. Аталған заң жобасы Мәжілісте қаралды.
Ресей ЖЭО салып береді. Аталған заң жобасы Мәжілісте қаралды

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті жалпы отырыста Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу өңірлерді жылумен және электрмен қамтамасыз етудегі проблемаларды шешу үшін қажет және ел экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етеді.

Келісім шеңберінде Көкшетау (болжалды қуаты 248 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында көмір өндіру негізінде ЖЭС салу жоспарланып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.