01-02-19 |
3510 рет қаралған
Қытай экономикасы дамуының баяулауы әлем экономикасына үлкен қауіп.
Қытай экономикасы дамуының баяулауы әлем экономикасына үлкен қауіп

Қытайдың экономикалық өсімінің баяулауы мұнайгаз саласында рецессия әкеліп, мұнай бағасының құлдырауына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды OilPrice.

«Қытай экономикасы өсуінің баяулауы әлемді алаңдатып отыр. Егер бұлай жалғаса беретін болса, онда бұл бүткіл әлемнің экономикалық белсенділігіне әсер етеді. Қытайдың экономикалық өсімі әлемде мұнайды шикізат ретінде пайдаланудың негізгі факторы. 2019 жылдың болжамы бойынша мұнайды тұтынудың әлемдік мөлшерінің үштен бір бөлігі Қытайдың еншісіне кіреді», – деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар Қытай экономикасы өсуінің баяулауы мұнайгаз нарығына қауіп төндіретін жалғыз себеп емес екендігі де жазылған.

«Қытайдың мұнай өндіретін тәуелсіз компаниялары тарапынан да проблема туындайтынын көбі ескере бермейді. Қытайдағы тәуелсіз мұнай өндіретін зауыттардың күші ұлғайғандықтан онда мұнайға сұраныс азаяды. Сұраныс азайған сайын өндірушілер халықаралық нарыққа шыға бастайды. Олар тауарларын Сингапур, Америка немесе Европаға жібереді. Осылайша олар әлемдік мұнай өндіру саласына үлкен рецессия алып келіп жатыр және мұнай бағасын дереу құлдыратады», – деп айтылған мақалада.

Мақалада 2019 жылдың соңына дейін мұнай бағасының құлдырау қауіпі сақталады деп болжанған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.