04-02-19 |
4230 рет қаралған
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевке «Барыс» ордені берілді.
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевке «Барыс» ордені берілді

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевке қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Ницык Петр Алексеевич – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қорықшының браконьерлер қолынан қаза табуы қоғамда үлкен резонанс туғызып, қоғам белсенділері «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынған болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.