06-02-19 |
5750 рет қаралған
Мәдина Әбілқасымова Астанадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді.
Мәдина Әбілқасымова Астанадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Астанадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қазақстандық блогер Денис Кривошеев Telegram желісіндегі парақшасында жазды.

«Бұл қайғылы оқиға осы отбасынікі ғана емес, еліміздегі әр отбасына ортақ. Бар туған-туысына көңіл айамын. Ана ретінде бұл қандай орны толмас қасірет екенін түсінемін. Алла күш-қуат берсін» -деді министр.

Министр осы оқиғадан кейін елдегі көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау көрсетудің сапасы мен тиімді жолдарын қарастыру жалғастыра беретіндерін айтты.

«Жақында біздің министрлік жергілікті атқарушы органдар іске асыратын әлеуметтік және тұрғын үй көмегіне қатысты қосымша іс-шараларды ұсынады. Әрбір үйге барып, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтаймыз» -деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол кеше қайғылы оқиға болған жерге барып, Ситерлер отбасымен және туыстарымен кездескенін айтып, министрлік көмек көрсеткенін cәлемдеме жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.