02-03-25 |
1320 рет қаралған
Абаев: Сириядағы топтар құрамында 30-дан астам қазақстандық бар және олар сириялық азаматтық алуды жоспарлауда.
Абаев: Сириядағы топтар құрамында 30-дан астам қазақстандық бар және олар сириялық азаматтық алуды жоспарлауда

Сирияда түрлі қарулы топтар құрамында 30-дан астам Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Олардың басым бөлігі Отанына оралуды жоспарламайды. Кейбірі Сирия азаматтығын алып, сол жерде тұрақты тұруды көздеп отыр», – деді дипломат.

Сонымен қатар, Абаевтың айтуынша, күрд жасақтарының бақылауындағы «Аль-Холь» және «Родж» босқындар лагерлерінде 10 қазақстандық әйел қалып отыр, және олар да елге қайтқысы келмейді.

Ол 2019-2021 жылдары Қазақстан «Жусан» атты арнайы гуманитарлық операция жүргізгенін және оның халықаралық деңгейде оң баға алғанын еске салды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.