04-03-25 |
490 рет қаралған
Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, инвестициялар жаңа жобаларға бағытталады.
Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, инвестициялар жаңа жобаларға бағытталады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл экономикалық өсу қарқынын арттыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Ол бұл үшін Үкімет осы жылы және одан кейінгі жылдары экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір арттыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, бұл өз кезегінде холдингке 2025 жылы 8 трлн теңгеге жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталатын болады, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуатын ұлғайтып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Спикер «Бәйтерек» тарапынан бизнесті қолдау үшін қаржыландыру көлемін ұлғайтудан бөлек, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілетінін түсіндірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.