Біз
әлеуметтік
желіде
06-02-19 |
3060 рет қаралған
Үкімет жанынан көп балалы отбасыларды қолдауға қатысты жұмыс тобы құрылды.
Үкімет жанынан көп балалы отбасыларды қолдауға қатысты жұмыс тобы құрылды

Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша президенттің тапсырмасымен үкіметтің жанынан ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөзі хабарлады.

Жұмыс тобына ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Е. Досаев басшылық етеді. Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.

Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.