11-02-19 |
3950 рет қаралған
11 ақпан ғылым саласындағы әйелдер мен қыздар күні: «Әйелдің орны ғылымда ма?».
11 ақпан ғылым саласындағы әйелдер мен қыздар күні: «Әйелдің орны ғылымда ма?»

11 ақпан ғылым саласындағы әйелдер мен қыздар күні. Бұл күн 2016 жылдан бері БҰҰ-ның шешімімен International Day of Women and Girls in Science деп белгіленіп, аталып өтуде. Бұл аталған күннің басты мақсаты ғылым саласындағы ерлер мен әйелдердің теңдыгын сақтау, ғылыммен айналысатын әйелдердің санын арттыру. 14 елде жүргізілген зерттеудің нәтижесінде қыз-келіншектердің бакалавр, магистр және доктор ғылыми деңгейін алу мүмкіндігі 18%, 8%, 2% болса, ерлердің көрсеткіші 37%6 18% , 6% құрайды екен.

Осы атаулы күннің шеңберінде Алматыда «Әйелдің орны ғылымда ма?» деген тақырыпта ашық шара өткізіліп жатыр.

Шарада сөз сөйлеген PhD докторы Гүлсім Қойшарова :

«Статистикаға қарасақ Қазақстан халқының 52 пайызы әйелдер екен. Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, осы 52 пайыз әйелдердің 15 пайызы ғана басшылық қызметте. Жалпы қызмет ететін әйелдердің арасында қызметтік мансабы өскен сайын олардың саны азая түседі» – деді.

Маман оның үш себебін мысалға келтіреді:

Біріншіден, отбасы, бала тәрбиесі біздің елде әйелдің мойнында болғандықтан мансап жасау әйел адамға күрделі.

Екінші себебі, мәдени ерекшеліктің себебінен дейді маман. Қазақстанда көптеген адамдарға әйел адамдарға өз күшін көрсету біздің меналитетімізге сай келмейтіндей көрінеді.

Үшіншіден, ішкі ұстанымға байланысты. Глассдор зерттеушілерінің мәліметтеріне сүйенсек, жалпы халықтың 70 пайызы Импостер синдромына шалдыққан. Олардың көбі қыздар мен әйел адамдар екен. Импостер синдромы деген белгілі бір жетістікке жеткен адам жай ғана жолы болды деп есептейді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл синдром әйелдердің карьера жасауы ғана емес жеке өміріне әсер етіп жатыр. Біріншіден сіз жалғыз емес екеніңізді есте сақтаңыз. Елдің бәрінде қорқыныш бар. Тіпті үлкен жетістікке жеткеен адамдардың өзі өз өзіне сенімсіздік болады екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.