11-02-19 |
5780 рет қаралған
Қытай Түркияның «саяси қайта тәрбиелеу лагерлерін құру» туралы айыптауды жоққа шығарды.
Қытай Түркияның «саяси қайта тәрбиелеу лагерлерін құру» туралы айыптауды жоққа шығарды

Түркиядағы Қытай елшілігі «саяси қайта тәрбиелеу лагерлері» және Шыңжаңдағы этникалық азшылықтардың өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

9 ақпанда Түркия Қытайды «саяси қайта тәрбиелеу лагерлерін» құрғаны үшін айыптады. Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой миллионнан астам ұйғырлар еркінен тыс Қытайда «қайта тәрбиелеу лагерлерінде» отыратынын мәлімдеді. Ол ҚХР билігін этникалық азшылық құқығын құрметтеуге шақырды.

Бұл мәлімдемеге Түркиядағы Қытай елшілігі жауап беріп, Қытай дипломаттары ҚХР-да «қайта тәрбиелеу лагері» жоқ екенін айтты. Олар терроризм мен экстремизмге қарсы күрес үшін құрылған оқу-жаттығу орталықтары бар. Бұл орталықтарда адамдарды қытай тілінде сөйлеуге үйретеді және мамандықтарға үйрететіндігін айтты.

«Оқу-жаттығу орталығы сыртқы әлем үшін ашық. Сол сияқты, кез келген елдің азаматтары өз елінің жалпы тілінде сөйлеуі тиіс, Қытай азаматтары қытай тілінде сөйлеуі тиіс. Кез келген елде заңдарды елемеуге болмайды. Кәсіби дағдыларсыз жұмыс табу қиын, ал жұмыссыздық кедейшілікті тудырады, бұл экстремизмге себеп болады. Бұл жалпыға белгілі шындық», – делінген дипломаттар атынан берілген хабарламада.

Шыңжаңда оқу-жаттығу орталығы құрылған сәттен бастап қауіпсіздік жағдайы айтарлықтай жақсарды, деп атап өтті қытайлық дипломаттар. 2017 жылы ішкі және шетелдік туристер саны 100 миллионнан асты. 2018 жылы туристер саны 150 миллионнан асып, шамамен 50 пайызға артты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.