13-02-19 |
14720 рет қаралған
Қаза болған бес қыздың әкесі: «Уақыт емдейді дейді, бірақ уақыт емдемейді».
Қаза болған бес қыздың әкесі: «Уақыт емдейді дейді, бірақ уақыт емдемейді»

Бес баласы өртеніп кеткен ерлі-зайыптылар алғаш рет сұхбат берді.

Астанадағы жалдамалы «времянкалардың» бірінде тұрып жатқан Ситер отбасының бес бірдей қызы өрттің салдарынан қаза тапқан еді. Балалардың ата-анасының сұхбаты блогер Tanirbergen-нің YouTube-тегі арнасында жарияланды.

Ата-анасы түнде жұмысқа кеткенде үйлерінен өрт шығып, ерлі-зайыптылар бес баласынан бірдей айырылғаны бұған дейін айтылған. Отағасы: «Уақыт емдейді дейді, бірақ уақыт емдемейді», -деп егілді. Содан кейін ол жағдайды түсіндірді:

«Мен жәй… Көлікті жөндеуге алған едім, уақытында үлгере алмай… уақытынан екі апта кешіктірдім. Таңертең иесіне тапсыру үшін түнде жұмыс істеуге тура келді.

20 жылдан астам уақыт көлік жөндеумен айналысып келемін. Маған сенім артатын тұрақты клиенттерім ба. Машиналарының бір жері бұзыла қалса хабарласады», – дейді отағасы Евгений Ситер.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.