Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ұлттық валюта – теңгеде орысша жазуды алып тастауына қатысты Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова пікір білдіріп, теңгенің бетінен орысша жазудың алынып тасталуы Қазақстанның ішкі ісі екенін айтты, деп ТАСС хабарлайды.
Сондай-ақ, 22 ақпандағы брифинг кезінде Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспас департаментінің директоры Мария Захаоврва: «Біз мұны (теңгенің бетінен орысша жазудың жойылуын айтып отыр – ред) мемлекеттің ішкі ісі деп есептейміз. Десе де біз орыс тілі – негізгі тіл болып отырған Қазақстан тұрғындарының құқықтары мәселесінде қазақстандық әріптестерімізбен және серіктерімізбен байланыс ұстап отырмыз» деді. Және де Захарова «Қазақстанның орыс тілін сақтау үшін жасап жатқан жұмысы бос сөз емес, оның артында нақты іс, нақты қадам тұр» депті.