Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде партияның беделін өсіру туралы айтып, алда сайлау келе жатқанын жеткізді.
«Біз қол қусырып қарап отырмай, жұмыс істеуіміз керек. Әр облыста, әр қалада, әр ауданда филиалдар бар. Сіздер партия мүшесі екендеріңізді айтып, қол қусырып отыратын болсаңыздар, біз жақсы партия бола алмаймыз. Алда парламенттік сайлау, президент сайлауы келе жатыр. Осыдан өту үшін біз халықтың сенімін ақтауымыз қажет», – деді президент.
Сондай-ақ президенттің ойынша, халыққа әлеуметтік көмектер көрсету арқылы партияның беделін өсіруге болады:
«Міндеттер қойылды, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға нақты қолдау көрсету сандары белгіленді. Жәрдемақы, коммуналдық-шаруашылық тұрғын үй аясында. Менің ойымша, осыдан партияның беделі артады», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024