ESPN арнасының жаңа рейтингі бойынша Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемдегі ең атақты жүз спортшының қатарына кірді.
«Вести» сайтының мәліметінше, рейтинг спортшылардың гонорарлары мен жарнамалық табыстары, олардың әлеуметтік желілерде танымалдығы және Google іздеу желісінде қаралуына негізделіп құрылған екен.
Г. Головкинді тізімнің 78 орынына жайғастырған екен ESPN сарапшылары. Бір жыл бұрын боксшы дәл осы рейтингтің 61 орында болған. Ал Геннадийден бір саты жоғары Русселл Уилсон есімді спортшы тұр.
Рейтингті португал футболшысы Криштиану Роналду бастап, ал екінші кезекте американдық баскетболшы ЛеБрон Джеймс тұр. Үшінші орынды аргентиналық футболшы Лионель Месси иеленді.
Сондай-ақ, рейтингте ТОП-10-ға енді:
4. Неймар (Бразилия, футбол),
5. Конор МакГрегор (Ирландия, ММА),
6. Роджер Федерер (Швейцария, теннис),
7. Вират Кохли (Үндістан, крикет),
8. Рафаэль Надаль (Испания, теннис),
9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол),
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф).
Боксшылардың ішінен көш бастаған американдық Деонтей Уайлдер – 34-ші орында тұр. Оның Британдық қарсыласы Тайсон Фьюри 39-шы орынға жайғасты. Ұлыбританиядан тағы бір ауыр салмақты Энтони Джошуа 63-ші болып тұр.
68-ші орында мексикалық Сауль Альварес орналасқан. Ол қыркүйек айында, тең ойыннан кейін 12 ай өткен соң Головкинді жеңген. Қазақстандық спортшы мансабында бірінші рет жеңіліс тауып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарын қарсыласына ұстатқан.
Ал аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо тізімнің тек 83-ші сатысынан табылыпты.
Бір қызығы, Геннадий Головкин Пакьяодан бөлек, рейтингте Сеск Фабрегас (79-орын), Гонсало Игуаин (80-орын), Иско (81-орын), Жером Боатенг (91-орын), Джанлуиджи Буффон (95-орын) және Роберт Левандовски (96-орын), баскетболшы Дуайт Ховард (84-орын) және басқалардың алдында тұр.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024