18-03-19 |
3080 рет қаралған
Астанада Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынады.
Астанада Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынады

Астанада Орта Азиядағы ең үлкен мешіт салынады. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мешіттің іргетасын қалады.

Жаңа мешіттің жалпы көлемі 57 мың шаршы метр. Мұнараларының биіктігі 130 метр. Күмбезінің диаметрі 63 метр. Діни кешенде ислам музейі, кітапхана, қолөнер шеберханасы және басқа да мекемелер орналаспақ.

Іс-шара барысында президент мешіттің салыну барысын өзі қадағалап отыратынын айтты.

– Бұл жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қор құрылды. Оған басқа азаматтарымыздың да қаржылай атсалысуына болады. Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, бүгінде осындай игілікті іске қол ұшын беріп жатқан барлық кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін, – деді Назарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.