Астана қаласы атауының Нұр-Cұлтан болып өзгеруін конституциялыұ кеңес Ата заңға сай деп таныды. Кеңес елорданың қайта аталуы туралы президент Тоқаевтың өтінішін қарай келіп, мынадай шешім шығарған:
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
3. Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.
Бұған дейін қоғам және бірқатар заңгерлер тарапынан Астана атауының ауысуы конституцияға қайшы деген пікірлерді Кеңес жоққа шығарып, қаланың Нұр-Сұлтан атаулы басты заңға қайшы емес деп шешм шығарды.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024