28-03-19 |
2590 рет қаралған
Нұр-Сұлтандағы апат: 4 адам ауыр халде.
Нұр-Сұлтандағы апат: 4 адам ауыр халде

Нұр-Сұлтандағы автобустардың қақтығысуы салдарынан болған жол апатынан зардап шеккендердің он үші қазіргі уақытта
№2 көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Олардың төртеуінің жағдайы ауыр (жан сақтау бөлімінде), тоғызының жағдайы орташа деп бағалануда. Қалалық №1 ауруханада апат салдарынан зардап шеккен тағы да бір әйел емделуде. Оның жағдайына да орташа деген баға беріліп отыр» деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 26 наурызда, таңертең, үш қоғамдық автобус, жеңіл көлік және жедел жәрдем көлігі қақтығысып, 36 адамға медициналық көмек қажет болған еді. Жедел жәрдем бригадасы 26 адамды қала стационарлық көмек көрсету мекемелеріне жеткізіп, 23 адам қалалық көпсалалы ауруханасына, 2 науқас №1 қалалық ауруханаға және бір пациент орталық жол ауруханасына жеткізілді. Жеңіл жарақат алған 8адам стационарға өздері барған. Көліктер соқтығысқан кезде аяғы қыстырылып қалған бір азаматшаның аяғын аман сақтап қалу мүмкін болмады. Жол-көлік оқиғасынан Филиппин азаматы да зардап шегіп, ота жасалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.