ШҚО-ның елдімекендерін тағы қызыл су басып жатыр. Бұл туралы жергілікті altaynews басылымы хабарлайды.
Кеше Бесқарағай ауданында екі үй мен оннан астам үйдің маңын су басты.
Куликовский өзенінде су деңгейі күрт көтерілген екен.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, су басқан аумақ өзенге жақын орналасқан. Ақпан айында тасқынның алдын алу мақсатында өзеннің бойына екі шақырымдай жерге топырақ үйілген болатын. Алайда бұл шара су басудан қауіпін сейілте алмады.
-Су топырақ үйіндісінің төменгі қабаты арқылы өтіп, екі үйді басты, – деп мәлімдеді ТЖД. – Үйлердің біреуі бос тұрған. Екінші үйдің тұрғындарына уақытша баспана берілді.
Жер асты суы тағы 13 үйдің ауласына жайылып кетіпті. Суды сору жұмыстарын Семей мен Бесқарағай ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жүргізуде. Қосымша Өскемен қаласынан құтқарушылар көмекке жіберіліп отыр.
Бүгін Кривинка және Семиярка ауылдарының маңында Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданының Убинка ауылын су басып жатқаны туралы хабар тараған болатын.
Тұрғындар су басқан көшелерді фотосуретке, бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан.
-Бізді су басып жатыр, дүкенге жете алмаймыз, аурухана бару туралы мүлде ұмыттық, – дейді бейнежазба авторы. – Бұл әлі басы ғана…
Убинка тұрғындары осылайша бұл мәселеге биліктегілердің назарын аудартамыз деген үмітте екен.
Дереккөз:altaynews.kz
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024