29-03-19 |
3080 рет қаралған
Жаңа Зеландияда Крайсчерчтегі теракт құрбандарымен қоштаты.
Жаңа Зеландияда Крайсчерчтегі теракт құрбандарымен қоштаты

Жаңа Зеландияда Крайсчерч қаласындағы мешіттерде болған терракт құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті.

Осы айдың басында 40-тан астам адам қаза тапқан Әл-Нұр мешітінің жанындағы Хагли қалалық паркінде өткен қоштасу рәсіміне 20 000-нан астам адам жиналды.


REUTERS

Премьер-министр Хасина Арден мұсылман көшбасшыларымен және шабуылдан кейін тірі қалғандармен бірге телевизиялық іс-шарада сөз сөйледі. Онда Ардерн көпшілікке Жаңа Зеландия «біз болғымыз келетін орын болуы үшін жауапты» деп айтты.

«Біз жек көру, қорқыныш сияқты вирустардан сақтандырылмағанбыз. Біз ешқашан дәрі ойлап табатын ұлт болған емеспіз, бірақ ондай ұлт бола аламыз» деді ел премьер-министрі.


REUTERS

Айта кетелік, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласындағы мешіттерде біреулер адамдарға оқ жаудырып, 50 адам қаза тапқан. Олардың арасында үш жастағы сәби де бар еді. Қазіргі уақытта қылмыскерлердің қолынан жараланған 20 адам әлі ауруханада емделіп жатыр. Олардың біреуі төрт жастағы қыз бала.

Қылмыскерлердің біреуі істеген әрекетін әлеуметтік желідегі тікелей эфирден түсіріп тұрған. Қылмысқа қатысы бар деген төрт адам ұсталып, тергеу жүргізіле бастады.

Осы оқиғадан кейін Жаңа Зеландия премьер-министрінің жарлығымен елде қару-жарақты еркін сатуға тиым салынды және елдегі қару-жарақтар туралы заң қайта қаралып, заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілетіндігі туралы мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.