17-04-19 |
2780 рет қаралған
Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер бұзылуда.
Ақтөбеде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер бұзылуда

15 млн желге ұшты. Ақтөбеде құрылысшылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап салған ескерткішті түгін қалдырмай бұзып жатыр. Оны былтыр ғана тұрғызған болатын. Бір жыл өтпей жатып, ескерткішті бұзуға тапсырма бергені шенеуніктердің қай сасқаны? Қажеттілік неден туындады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Іргетасы қаланғанына бір жыл толмай жатып, ескерткіш опырылып ортасына түскелі тұр. Құрылысшылар қазір екі қапталындағы конструкцияны түгел бұзып жатыр. Қайта қаламаса, болмайды дейді.
Ескерткіштің қазіргі сиқы осы. Қоладан құйылған мүсін құлаудың аз-ақ алдында тұр. Гранит тастарға да сызат түскен. Соның кесірінен биіктігі 240 см, тұғыры 110-смлік мүсінді әрең көтеріп тұр. Ал екі қапталындағы тақтайшалардың барлығын тарқатып шешіп алған. Тұрғындар саябаққа сән беріп тұрған әп-әдемі ескерткіштің осындай күйге түскені жауапты адамдардың жауапкершілігінің аздығынан деп отыр. 
1) Уклон болып тұр, құлауы да мүмкін. Бас кезінде дұрыс істеген жоқ. Білмеймін, әкімшілік қайда қараған? Қарау керек ғой, оны министерстводағылар келіп ашты. Неужели осыны байқаған жоқ? Проект сызған адам да?
2) Былтыр ғана салынды, әп-әдемі тұр еді. Бұзылып жатқаны дұрыс емес! Халықтың ақшасына салынған зат ғой. Қайтадан салып берсін орнына дұрысын!
Ақтөбеліктер зұлмат жылдардың құрбандарына арналған ескерткіш болса деп билікке ұзақ қолқа салған еді. Ақыры көптің тілегін ескеріп, билік былтыр қуғын-сүргін мен ашаршылық кезінде опат болғандарға арнап ескерткіш ашты. Салтанатты жиында ата-бабаларын жоқтап келгендер бұл нысан сол зұлмат жылдардың тарихымен қауыштырды деген еді.  Әкімдіктегілер ескерткіштің бүлінгенін ауа райынан көріп отыр. Ал жөндеуге қазынадан көк тиын да қарастылырмайды, деді. Барлығын мердігер компания қалпына келтірмек. Өйткені, келісім-шартқа сәйкес, 1 жыл кепілдік мерзімі бар екен. 
«Оған жергілікті бюджеттен 15 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда ауа райының салдарынан төсеніш отырып, фундамент бүлінген. Сол себепті гранит жарылып кетті. Ондай жұмыстар болып тұрады»,-дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дастан Әжібаев.
Қалалық әкімдік мердігерге 2 апта уақыт берген. Осы мерзім ішінде ескерткіштің қапталындағы екі қанатын толықтай жөндеп, фундаментін қайта құйып, гранит тастарды төсеп үлгеруі тиіс. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.