Кеше әлемге әйгілі жазушы Луиджи Пиранделлоның новеллалар жинағын оқып шығып, қатты
толқып, үлкен
әсер алдым. Кішкентай адамның психологиясына тереңдеу
және сонымен бірге әлеуметтік шындықты суреттеу көп жағдайда жазушы новеллаларында гротекс деген көркемдік тәсіл, яғни, трагедиялық пен күлкілі дүниені үйлестіру арқылы беріледі екен. Пиранделлоның суреттеуінде өмір трагедиялық фарсқа, ал, адамдар
белгілі бір бетпердені киіп алып, өз қиялындағы кейіпкерлердің рөлін
ойнап жүрген
актерларға айналады.
Мысалы, суреткердің «Біршама
міндеттемелер» деген
новелласынан біз
осындай гротексілік
ситуацияны анық
көре аламыз. Автордың бұл
шығармасында әйелі
көзіне шөп
салып жүрген
шырақшы Квакеоның
тірлігі баяндалады. Атап айтқанда, Квакео түн
кезінде қала
шамдарын жағуға
кеткенде әйеліне
келіп тұратын
көңілдесі пайда
болады. Бұл
оқиғаны жақсы
білетін көршілері, әйелінің опасыздығын
күйеуінің бетіне
басып, ол
еш әрекет
жасамаған соң, ақыры оны
мазақтап, қорлай
бастайды. Не
істерін білмей
басы қатқан
Квакео болып
жатқан жағдайды
бастығына айтып
беріп, ол
оны сабырлы
болуға шақырады. Алайда, жұрттың
оны ашықтан-ашық мазақтауы
тоқтамай қойып, күндердің бір
күнінде шыдамы
таусылып, ашуға
булығып, қолына
пышақ алып, үйіне қарай
жүгіреді. Үйінің
есігін сындырып
кіргенде әйелінің
көңілдесі болып
жүрген адам
өзі шағым
айтып, мұңын
шаққан бастығы
болып шығып, Квакеоның бойындағы
ащу-ызасы
бірден тарқап
сала береді. Квакео өз-өзіне келіп, қапелімде терезеден
құлап кете
жаздаған бастығына
көмектесіп, үйінің
алдына жиналып
қалған көршілеріне «үйде ешкім
жоқ» деп
айғайлайды.
Осы
әңгімедегі оқиға
маған біздің
қоғамдағы азаматтардың
жалған намысшылдығын
еске түсірді. Біздің бәріміз
де әлеуметтік
желінің бетінде
ұлттық рух, тіл мәселесін
қозғап сөйлегенде
алдымызға жан
салмаймыз. Бірақ
іс жүзінде
рухымыз қорланып, ана тіліміз
аяққа тапталып
жатса да
жұмған аузымызды
ашпаймыз. Көшеде
біреу орысша
сөйлеп бара
жатса қатаң
ескерту жасап, мәңгүрттігін бетіне
басамыз да, ал, жұмыстағы
бастығымыз орысша
сөйлесе қарсы
сөз айтпақ
түгіл, орысша
сөйлеуден онымен
жарысқа түсеміз. Өйткені біздің
бәріміздің де
өзімізден төмен
түрған адамдарға
ғана ескерту
айта алатын
біршама міндеттемелеріміз
бар. Тәнін
жалаңаштап суретке
түскен бір
сайқалдың қылығына
қорланғандай болып, намыстанып қаншама
сөз айттық. Алайда, Жаңаөзен
оқиғасы кезінде
он екіде бір
гүлі де
ашылмаған жастар
қырылғанда биліктен
қорыққан біздің
сол намысымыз
қайда қалды?
Амангелді Мырзабектің ФБ парақшасынан алынды
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024