29-04-19 |
3520 рет қаралған
Марғұлан Сейсембай: Бұл не сұмдық!.
Марғұлан Сейсембай: Бұл не сұмдық!

Суретші Роман Захаровтың конституциядан үзінді келтірілген баннер ілгені үшін 5 күнге қамалуына қатысты белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өз пікірін жариялады.

«Біз «Оңтүстік аңыздары» экспедициясында жүргенше біздің полиция әбден алжуға айналған.
Бірінші «Шындықтан қаша алмайсың» деген плакат үшін жап жас белсенділерімізді апарып 15 сөткеге абақтыға тығып қойған. 
Енді міне Конституцияның сөзін плакатқа жазғаны үшін жас жігітті 5 сөткеге қамап тастады.

Бұл не сұмдық?», – деп жазады М.Сейсембай.

Қайыра айтсақ, бүгін суретші Роман Захаров конституциядан үзінді жазылған баннер ілгені үшін сот оны «ұсақ бұзақылық жасады» деп бес күнге қамауға шешім шығарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.