FlyArystan бюджеттік авиакомпаниясының алғашқы рейсі Алматыдан ұшып, Нұр-Сұлтан қаласына қонды. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің телеграм каналында хабарланды.
«FlyArystan» әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан әуежайына 180 орындық Airbus A320 ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Жоғары сапалы қызмет көрсету және қолжетімді рейстермен қатар, FlyArystan әуе кемесінің бортында жаңа Recaro 3530 SLIM былғарымен қапталған, 70 см-ден 82 см-ге дейін қозғалатын орындықтар орнатылған.
Жолаушыларға бір бағыт бойынша 3999 теңгеден қолжетімді рейстер ұсынған FlyArystan бұрын әуе қатынасын қолданбаған жолаушылардың жаңа сегментін тартуды жоспарлап отыр.
FlyArystan 2019 жылдың 29 наурызында Алматы-Тараз-Алматы және Алматы-Орал-Алматы бағыттарында билет сатуды ашады. Кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Қарағандыға, Павлодарға және Шымкентке билеттер сатылды. Бүгінде билет сатылымы республиканың алты қаласына ашылған.
Бүгінгі күні 45000-ға жуық билет сатылды, олардың 85%-ын «багажсыз» тарифтер құрайды.
Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерін қамту жоспарлануда.
Бастапқыда рейстер Аirbus 320 типті жайлы және қазіргі заманғы 4 әуе кемесінде орындалатын болады және кейіннен 2022 жылға қарай флотты 15 әуе кемесіне дейін ұлғайту жоспарлануда. Fly Arystan ұшақтарының орташа жасы шамамен 6 жылды құрайды, ал кейінгі лайнерлерге өндіруші зауыттан тапсырыс беру жоспарлануда.
Жыл соңына дейін Fly Arystan 1 млн.-ға дейін жолаушыны тасымалдауды жоспарлайды, бұл жалпы азаматтық авиация саласына оң әсер ететіні сөзсіз.
Сондай-ақ, болашақта Fly Arystan таяу шетелдерге (Грузия, Ресей) халықаралық авиамаршруттарды орындайтын болады.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024