05-05-19 |
6640 рет қаралған
Іштарлық пен кеудемсоқтық. Неге Қосанов, ал мен ше?.
Іштарлық пен кеудемсоқтық. Неге Қосанов, ал мен ше?

Саясаттанушы Сергей Дуванов кезектен тыс президент сайлауы туралы ойын facebook парақшасына тарқтапы жазған екен. Төменде саясаттанушының пікірін arasha.kz тілшісі орыс тілінен тәржімалап, ұсынып отыр.

***

«Сайлауға байланысты өрбіп жатқан оқиғаларды аңдай отырып байқағаным, меніңше оппозицияның қатысуымен өтетін президент сайлауының куәсі болғалы отырмыз.
Сайлаудың сценарийін жазған ақорданың сценаристері үшін оппозиционер Қосановтың сайлауға қатысуы маңызды. Іс осылай өрбіген жағдайда билік бұл сайлауды да, оған қатысушы Тоқаевты да заң аясына ендіреді, сөйтіп алғаш рет Қазақстанның тарихында (Назарбаевтан айырмашылығы сол ) бәсекелестік сайлаудың нәтижесінде биліктің басына келеді. Билік үшін бұл өте маңызды. Оппозиционер Қосанов оларға осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажет. Сол себептен де билік оның тіркелуіне кедергі жасамайды, солай етті де. Осыған қарап Қосанов олардың адамы, билікке жұмыс істейді деуге болмайды. Осылай істі өрбіте отырып билік азды-көпті интрига жасайтын болады, осы интриганың арқасында бұл сайлау демократиялық «сипатқа» ие болады, дауыс беруге адамдар көп жиналады. Бірақ қазақстандықтарға биліктің бұл жоспарын быт-шыт етуге, Тоқаевқа емес, Қосановқа дауыс беруіне кім кедергі? Ешкім. Бар да бөллетеньдегі кез келген адамға дауыс бер! Қандай проблема? Оның мәні мынада – кейбіреулердің ішітарлығы мен кеудемсоқ амбициясында. Неге Қосанов, ал мен ше!


б) кейбіреулерді ол билікке жұмыс істейді деп баяғыдан сендіріп қойған;
в) кейбіреулерге оның жеке басы ұнамайды;
г) кейбіреулер к….н диваннан көтеруге ерінеді де, өз қылығын бойкотпен ақтағысы келеді.
Бойкотқа баруға болар еді, егер сайлауға қатысу жолдарының басқа әдісі қалмаған болса. Егер сайлауға оппозицияның өкілі қатысып жатса, билікке оппонент болған адам үшін үгіт-насихат жүргізуге, дауыс беруге мүмкіндік туып жатса, ондай бойкоттың не пайдасы бар.
Билік басына жаңа адамдар келуі керек, елімізге өзгерістер қажет дейтін адамның көзімен Әміржан Қосановқа қарап көрелікші. Біріншіден, ол билікпен байланысқан, билікке жұмыс етеді деген сандырақты қайталай бермеу керек. Былжырақ сөз! Билікке 20 жыл бойы оппонент болып жүрген адам бұл билікке жұмыс істеуі мүмкін емес. Осыншама жылдан бері мен оны жақсы білемін – ол шын мәнінде осы биліктің командасынан емес. Түсінетін уақыт жетті, ол басқа команданың адамы, бұл команда билікке оппоненттер тобынан. Билік үшін ол бөтен адам. Бұл сайлаудың басты шындығы осы. Қалғанының барлығы бекер сөз.
Шын мәнінде осы сөздердің барлығы ұят. Мына билікке қарсы адамдардың барлығы үшін Қосановтың ұсынылуы, сіздердің билікке айтар сөздеріңді дауыстап айтуға мүмкіндік береді. Бұл кандидаттың ұсынылуы билікке іштері қайнап, айтарын айта алмай жүргендер үшін ашық күрес. «Жалғыздың даусы шықпас» деген сөз бар, солай екені рас, егер ол өзімен өзі жүрген адам болса. Ал егер жалғыз адам өзін балама ретінде ұсынса, өмірде өзгерістер жасаймын деп ұмтылса, елде өзгерісті қалайтындар үшін таптырмайтын адам ғой. Біздің жағдайымызда «маған ұнайды, ұнамайды» деген принципті бойтұмар ететін болсақ, онда «менің жауымның жауы – менің досым» деген принципті қабылдаңыз. Анау Украинаның жаңа президенті Зеленский де көпшілікке ұнаған жоқ, бірақ украиндықтар Зеленский үшін емес, Зеленскийдің қарсыласына, онан басқаларының барлығына қарсымын деген принциппен дауыс берді. Біздің жағдайымызда Тоқаевты қолдағанымыз, бұрынғы Назарбаевтың курсын қолдағанымыз.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда мынадай алгоритмді басшылыққа алу керек: Оппозициядан ұсынылған үміткер сайлауғаа түссе, кім Назарбаевқа қарсы, ол Тоқаевқа қарсы дауыс беруі тиіс. Оппозицияның қандай екеніне, ақ па, көк пе түсіне қарамау керек. Мейлі ол жақсы немесе жаман болсын, радикалды немесе либерал, конструктивті немесе болмасын. Ең бастысы, бұл оппоненттің, елде қалыптасқан істермен келіспеуінде. Мен өзім біздің оппозицияны орынсыз жұмсақтығы, сақшылдығы үшін, кей кездегі ақылсыздығы үшін, шындықтан қашатыны үшін жиі сынаймын. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда ол мәселелер, түсініспеушіліктер екінші орындарға кетеді.. Бүгінгі күні шешуші айқас кезеңі туып отыр, осы шешуші кезеңде еліміздің болашағын ойлайтындарға айтарым: амбицияларыңды, жеке ұнатпаушылықтарыңды ысырып қоя тұрыңыз, олардың еліміздің болашағы үшін еш қажеті жоқ.
Әрине, мұндай сайлауда оппозицияның өкілі жеңеді дегенге сену мүмкін емес. Екі жақтың күші тең емес. Солай десек те, шешуші күресте жеңіс үшін бар күшті салу қажет. Жоғарыдан ұсынылған кандидат үшін соқыр мешеулікке салынбайық, дауыс бермейміз, біз оған келіспейміз. Осы мақсат үшін алғаш рет сайлауға барайық., мақсатымызды болдыруға тырысайық.
Ақордадағы сайлаудың кураторлары оппозицияға 3-5 немесе сәл көптеу берсек жеткілікті деп отырған болар. Осылай болса олардың жоспарының орындалғаны. Ақорданың бұл жоспарын бұзуға болады, егер отбасында ғана күңкілдеп, әлеуметтік желіде ғана батырсынбасақ. Диваннан түсейік, билікке қарсы оппонент үшін дауыс берейік. Мен сөзімді арнап отырған осындай сайлаушылардың саны еліміздің халқының жартысы десем қателеспеймін.
Оппозициялық кандидаттың 15-20 пайыз дауыс алған күннің өзінде, оны қазақстандық демократияның жеңісі деуге болар еді. Егер осылай болса, санасы тұтқында отырған қазақстандықтар биліктің бұғауын бұзған болар еді, саясаттағы алуанпікірлік дегенге алғашқы қадам жасалған болар еді.
Әрине, билік ондай жағдайдың болмауына қарсы бар күшін салары анық. Адмресурс пен қылмыстық істерге жегілген мұғалімдер мен мемқызметкерлерді ертең сайлауға айдап салары анық. Бұл құпия емес, отыз жылдай болды, көріп келеміз.
Дегенмен, Тоқаевтың командасы сайлау кезінде лас істерге қолдарын былғағысы келмейтін сияқты. Керісінше, салыстырмалы түрде болса да, азды-көпті бұл сайлауға демократиялық, өркениеттік рең беруі керек. Егер шын мәнінде дәл осылай болса, Тоқаевтың қолдаушыларына да, қарсыластарына да жақсы.
Енді бір сәт көз алдымызға елестетіп көрелікші, Назарбаев-Тоқаевтың саясатымен келіспеушілер біз ойлағаннан көп болса ше (Украина сияқты) ! Қосановты бағаламаудың ақыры неге алып келерін ойламаған ақордалықтардың жағдайларын көз алдыңа келтіру қиын. Демократия деген ойынды лақтыратындары анық, ОСК өздеріне қажетті цифрларды жасайтыны сөз жоқ. Оның бәрі жұрт алдында жасалатын болады.
Мейлі, солай болған кездің өзінде режим моральдық жағынан соққы алады, жеңілгені белгілі болады, келер жылы болатын парламент сайлауында одан да күрделі проблемаларға ұшырасатын болады.
Әрине, мұның бәрі болжам тұрғысынан. Сондықтан да тәуекел деп бұл іске кірісуіміз қажет. Олай етпесек өз қабілетімізді, қолымыздан не келетінін білмей жүре береміз. Мүмкіндік сәті туды, оны пайдаланбау ақымақтық.
Ал, бойкотқа келер болсақ, ол өз алдына басқа тақырып, үміткерлер іріктелсін…» деп жазады С.Дуванов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.