Ақтөбеде «Анаға тағзым» атты екі күндік слет өтіп жатыр. Оған еліміздің әр қиырынан келген 1200-ден аса делегат қатысуда. Шараның басты қатысушылары – мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан әйелдер, көп балалы аналар.
Слетка қатысушыларға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқып берді.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті – еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара. Ана – әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі – мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «ана мен баланы қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі» деп жарияладым,- делінген Елбасының құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Слет қатысушыларының жұмысына жеміс тілеген.
Слеттің салтанатты ашылуы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шараның басты мақсаты қоғам мен биліктің отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қорғауда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірігуі, отбасын, ана мен баланы қолдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын атап өтті.
– Бүгінде қоғамның, әсіресе жастардың рухани және моральдық денінің саулығы бірінші кезекте. Мұнда жеке-жеке алғандағы әрбір отбасының «денсаулығының» маңызы зор, -деп атап өтті облыс әкімі өзінің сөзінде.
Ол елдің болашағы үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі проблемаларға қоғамның енжар қарауына құқығы жоқ екенін атап өтті.
– Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, жас отбасылардың ажырасуы, ерте жүктілік – осының бәрі тәрбие беру кезінде жіберілген олқылықтардың нәтижесі. Бұл проблемалар біздің әрқайсысымызды толғандырады. Бүгін біз күн тәртібіндегі сұрақты конструктивті талқылап қана қоймай, осы проблемаларды шешуде нақты ұсыныстарды әзірлейміз деп үміттенемін,-деді Бердібек Сапарбаев.
Шара кезінде сондай-ақ, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Социалистік еңбек ері Вера Сидорова, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, сенат депутаты Сәуле Айтбаева, ҚР еңбек сіңізген қайраткері М.Айтқожина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтыншаш Жағанова сөз сөйледі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында өтіп жатқан бұл шараның мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды, неке және отбасы институтын қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығы мен амандығын сақтаудың негізгі құралы ретінде нығайту.
Мәселен, 2018 жыл өңірде «Бақытты бала» жылы болып жарияланған болатын. Соның аясында балаларға тәрбие беру, сауықтыру және білім беру жобаларын жүзеге асыруға 4,7 млрд теңге аударылды. Бұдан басқа, демеушілердің қаражаттары белсенді тартылуда. Осы жылдың шілде айында Ақтөбеде республикалық әкелер форумы өткен болатын. әкелер аллеясы ашылды. Бұдан өзге Слетті өткізу күндерінде Ақтөбеде республикадағы тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы мен аналар аллеясы ашылды. Нысан мазмұны жағынан ғана бірегей емес, ғимараттың дизайны да назар аударуға тұрарлық, кешен ананың ақ жаулығы іспетті тұрғызылған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024