14-12-18 |
3560 рет қаралған
Ақтөбеде терроризм айыбы тағылған Тұрмановтың соты басталды.
Ақтөбеде терроризм айыбы тағылған Тұрмановтың соты басталды

14 желтоқсан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризм күдігіне ілінген тұрғын А. Тұрмановтың ісін қарай бастады.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрманов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлімі («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру»), 256-бабының 2-бөлімі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 257-бабының 1-бөлімі («Террорлық топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша күдікті деп танылған. Судья Алтынбек Сабыров процесті жабық өткізу туралы шешім қабылдаған.

Ақтөбе облыстық соты бүгін басталған соттың 21 желтоқсанға қалдырылғанын хабарлайды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.