27-01-21 |
4030 рет қаралған
Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған әкімдік қызметкері 15 күнге қамалды.
Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған әкімдік қызметкері 15 күнге қамалды

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының қызметкері Нұрбақыт Барбосынов әкімшілік сотпен 15 күнге қамауға алынды. Мемлекеттік қызметкер ішімдік ішкен күйінде көлік басқарған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекеттік қызметкер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігімен жауапқа тартылды. Ол 2021 жылдың 12 қаңтардағы сот қаулысымен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Іс материалдарына сүйенсек, Барбосынов, 2021 жылдың 11-қаңтары күні сағат 21:30-да Ақтөбе қаласы, Пацаев көшеесі №4 үйге қарама қарсы бетте «ВАЗ-21154» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі Р 391 НО 18 көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Кінәсін мойындап, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұраған.

Облыс әкімдігі әкімшілік жазаға тартылған қызметкердің заңсыз әрекет жасардан үш күн бұрын жұмыстан кетуге өз еркімен арыз жазғанын хабарлайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.