30-09-20 |
2050 рет қаралған
Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды.
Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылып 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Мамунов Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1,2 миллион долларды заңсыз алған. Бұл қаражатқа 2016 жылы парамен сотталған Ахметжановтың үкімін жеңілдетем деп уәде берген. Алайда ақшаға екі Lexus автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.