02-04-21 |
1630 рет қаралған
Ақтөбеде бір ауылды өлексемен шіріткен шошқа фермасының басшысы үйқамақта.
Ақтөбеде бір ауылды өлексемен шіріткен шошқа фермасының басшысы үйқамақта

Ақтөбеде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Кәсіпкер төлеуден бас тартқан 7 млрд теңгеден аса қаржы сотпен өндіріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алға ауданы бестамақ ауылындағы «Парижская коммуна» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Экология департаментінің тексеруінен соң қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Серіктестік басшысы Гайк Тертерян үйқамақта отыр», – деді облыстық ПД-нің аға тергеушісі Айгүл Иманғазина.
Ақтөбе облысы экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, тексеріс нәтижесінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Мәселен мал сою цехындағы қалдықтар, қатты тұрмыстық қалдықтар мен ауыл шаруашылығы қалдықтары шошқа кешенінің іргелес аумағына көміліп отырғаны белгілі болды.

Ақтөбедегі шошқа фермасына қатысты алдымен әкімшілік іс қозғалып, барлығы 7 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Кейін серіктестік қайта аппеляциялық шағым түсірді. Ал сол аппеляциялық сотта екі арыз шешімі өзгеріссіз қалдырылып, сот орындаушылары заң аясында жұмысқа кірісті.

«1 сәуір күні Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Парижская коммуна» ЖШС-нен жалпы сомасы 7 млрд 27 млн теңге айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіру туралы арыз түсті», – дейді облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.