29-12-21 |
880 рет қаралған
Ақтөбеде мектеп директоры абақтыға қамалды.
Ақтөбеде мектеп директоры абақтыға қамалды

Ақтөбеде мектеп директоры 7 жылға сотталды. Жұмыс сұрап келген тұрғыннан ақшалай сыйақы талап еткен. 

Сот мәліметтеріне сүйенсек, мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара  алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.

«Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.