04-12-20 |
1980 рет қаралған
Ақтөбедегі доңыз шаруашылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбедегі доңыз шаруашылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы доңыз шаруашылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

– 20 қарашадан бастап Бестамақ ауылында комиссия жұмыс істеді. Оның құрамына ауыл тұрғындары да кірді. Қоршаған ортаға, жерге зиян келгені анықталды. Материал құқық қорғау органдарына берілді» деді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.

Ал облыс прокурорының орынбасары Азамат Құстанов: «Тексеру барысында қылмыстық істің белгілері табылды. «Парижская коммуна 21» ЖШС-ның жауапты адамдарына қатысты тергеу басталды», – деді.

Тексеру кезінде «Парижская коммуна 21» ЖШС аумағында 13,8 га жуық жер бүлінгені, 5,4 га жерге шұңқыр қазылып қоқыс, қалдықтар көмілгені анықталған. Сондай-ақ өзен бойында дамба салып, жердің құнарлы қабатын құртқан.

Тексерушілер ұзын етіп қазылған шұңқырға доңыз фермасының қоқыстары мен қалдықтары ғана емес, тұрмыстық, құрылыс қоқыстары да көмілгенін анықтаған. Қалдық пен қоқыстың жалпы салмағы – 189 тонна. Қалдық пен қоқыс төгуден келген шығын 42 млн теңге.

Поверяющие раскопали одну траншею, там оказались не только отходы свинофермы, но и бытовой, строительный мусор. Отходы взвесили – там оказалась 189 тонн.

Сумма ущерба за размещение указанных отходов составляет около 42 млн тенге. Доңыз фермасында 40 мың доңыз өсірілуі тиіс болса, іс жүзінде фермадағы доңыз саны 51-52  мың болып шыққан.

Бестамақ ауылындағы доңыз фермасына жергілікті халықтың қарсылығы бірнеше жылдан бері жалғасып келген еді. Соңғы рет ауыл тұрғындары жиналып, ферма мәселесін өздері шешуге ұмтылған. Ақтөбе облысы әкімдігі халық көтеріліп, оқиға видеолары әлеуметтік желіге тараған соң барып, іске кіріскен еді.

фото: Бестамақ ауылы тұрғындарының доңыз фермасына бара жатқан сәті түсірілген видеодан скриншот

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.