
Бүгін Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция 600-ден астам адам эвакуациялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 600-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ»,- деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, жалған ақпарат қалдырған тұрғын әлі табылмаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025