23-08-23 |
1100 рет қаралған
Ералы Тоғжанов «Елбасы медаліне» 104 миллион қаражат жұмсамақ.
Ералы Тоғжанов «Елбасы медаліне» 104 миллион қаражат жұмсамақ

Ақтөбе облысында мемлекет қаражатына «Елбасы медалін» жастарға бермек. «Елбасы медалін» беру бағдарламасына 104 миллион қаражат жұмсалмақ. Елбасы мәртебесі заңнан алынып тасталғанынан Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов хабарсыз болса керек.

«Елбас медалін» беру бағдарламасының мақсаты: «жеке тұлға ретінде дамуды үйлесімді қалыптастыру, қиындықты жеңе білу, түрлі салада өзін жүйелі дамыту, өзгелерге қамқор болу, қойған мақсатқа жетіп, өте жақсы нәтиже көрсету» екен. Мұндай талапқа қол жеткізу үшін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар жеті бағытта жетілген болуы шарт: спорт, машық және талант, оқу, ұлттық құндылық, туристік сапарлар және жұмыс тәжірбиесі. Бағдарлама бойынша жеңіп шыққандар Назарбаев бейнесі бар алтын, күміс, қола медальдардың иегері болады.

Бірақ Елбасы мәртебесінен айырылған экс-президент атындағы медаль беру неліктен бюджеттен қаржыландыратыны қызық. Мұндай жобаны Назарбаевқа тиесілі «Назарбаев қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев қоры», «Демеу» қоры, «Елбасы қоры» неге қражыландырмайды? Былтыры OCCRP және Vlast журналдарының зерттеуінде аталған қорлардың миллиардтаған активтері бар екенін айтылған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.