13-12-21 |
630 рет қаралған
Оңдасын Оразилин әлеуметтік картопты кімнің шірітіп жібергенін таба алмай жатыр.
Оңдасын Оразилин әлеуметтік картопты кімнің шірітіп жібергенін таба алмай жатыр

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин сатылымға қойылған шіріген  әлеуметтік картопқа қатысты пікір білдірді. 

 

«Сапалы тауар жеткізуге тиіс болған қызметкерлер өз міндетін дұрыс атқармады. Тауарлар уәде бергеніндей болмай шықты. Бұл кімнің кінәсі? Келісімшартқа қол қойғандар ма немесе тауарды жеткізгендер ме әлде өндірушілер ме? Қазір мұны анықтап жатырмыз. Кінәні бір-біріне сілтеп отыр. Бірі дұрыс тауар өндірдік дейді, екіншісі дұрыс жеткізгенін айтады. Ал сатушы не бар соны алыңдар дейді. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, енді олардың адалдығына назар аударамыз. Ал қызметкерлер, ауыл шарушалығы басшылығы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты шешім тексеріс соңында шығады», – деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбе тұрғындары 84 теңге тұратын әлеуметтік картоптың шіріп кеткенін хабарлаған еді. Бұл халық арасында наразылық тудырды, себебі тұрақтандыру қоры картоп сатып алу үшін 78,6 миллион теңге жұмсаған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.