14-06-24 |
32640 рет қаралған
Алматы әуежайында барлық халықаралық рейстер жаңа терминал арқылы жүзеге асырылады.
Алматы әуежайында барлық халықаралық рейстер жаңа терминал арқылы жүзеге асырылады

2024 жылғы 13 маусым сағат 23.13-тен бастап Алматы әуежайына барлық халықаралық рейстің ұшуы жаңа терминалда (Т2) жүзеге асырылады. 14.06.2024 ж. сағат 01.00-ден бастап барлық халықаралық рейстің Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды.

2024 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңа терминалдан барлығы 310 халықаралық рейс орындалды және 43 814 жолаушыға қызмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда жаңа терминал 33 әуе компанияға қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш қазақстандық тасымалдаушы – Air Astana, Scat, FlyArystan әуе компаниялары және Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines,  Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air, Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot сияқты 30 Халықаралық әуе компаниялар.

Бұрынғы терминалда (Т1) барлық ішкі бағыт бойынша Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Южное небо әуе компанияларының рейстері жүзеге асырылады.

Алматы әуежайының жолаушылары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін Т1 терминалын қайта жаңарту және тұрақ аймағын ұлғайту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.