25-01-25 |
1120 рет қаралған
Алматы әуежайында тұрақ бағасының өсуіне жол берілмеді.
Алматы әуежайында тұрақ бағасының өсуіне жол берілмеді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады.

Ескертуге  Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің 2024 жылдың желтоқсан айында 2025 жылы 1 қаңтардан бастап тұрақ қызметтеріне бағаның жоспарлы өсуі туралы хабарландыру себеп болған.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 198-бабына сәйкес монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы жазбаша ескерту жіберуге құқылы.

Монополияға қарсы органның уақтылы іс-қимылының арқасында Алматы халықаралық әуежайы тұрақ бағасын көтеру жоспарынан бас тартты. Бұл жолаушыларға қосымша қаржылық жүктемені болдырмады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.