COVID-19 науқастарына арналған стационардағы жедел жәрдем көліктерінің жиналуына қатысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев түсініктеме берді.
Өңірде аурухана алдында жедел жәрдем көліктерінің кезек күтіп тұрғаны туралы сурет әлеуметтік желілерде тарап, халыққа үрей туғызды. Алматы әкімі тұрғындарды сабырға шақырды.
«Барлық аурухана және емхана бас дәрігерлерімен күн сайын байланыста отырамыз. Дегдар көшесінде (коронавирус жұқтырған науқастар жататын аурухана орналасқан) бір уақытта бірнеше жедел жәрдем көліктері жиналған жағдай болды. Өйткені сол кезде ауруханада бос төсектер саны көп болған. Қазір мұндай жағдай жоқ», – деді Алматы әкімі.
Алматыда коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды. Дәрігер көмегіне жүгінушілер саны күн сайын артты.
Жұқпалы ауруханаларда төсектердің 25 пайызы ғана бос.
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024