23-02-21 |
2070 рет қаралған
Алматыда жалған құжат жасағандар анықталды.
Алматыда жалған құжат жасағандар анықталды

Алматыда ҚХР-дан келген отандастарымызға әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жалған құжат жасап келген қылмыстық топ анықталды.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, ҚХР-дан келген қандастарға әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықталды. 

«Оқиға орнын тексеру барысында, ҚХР-дағы еңбек өтілін растайтын құжаттар, ҚХР-ның әртүрлі ұйымдарынның мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынды. Аталған бұйымдардың көмегімен, әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер) жасалынған», – делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.